Бір ел - бір кітап 2019
«Бір ел – бір кітап 2019» республикалық акциясы бойынша биыл екі кітап таңдап алынды. Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды.
Қазақстанда республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.
1. Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы - талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап — ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның ішінде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен.
20 ақпан күні «Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сінде жыл таңдауы бойынша "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай, «Әбіш әлемі» атты әдеби талдау өткізілді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы жалпы оқуға ұсынылғандықтан, романда көтерілген өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай отырып, өмірдегі кереғар құбылыстарды салыстыра ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбітіліп ортаға салынды.
Мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа жете таныстыру. Оның әлемдік және Отандық мәдени мұраларындағы алатын орнын айқындау және кемеңгер қаламгердің мұраларын, кітаптарды оқушыларға көрсету. Сонымен бірге Ә.Кекілбаев шығармаларындағы «Аңыздың ақыры» атты романымен танысу, романды әңгімелеп, талдап, мазмұнын ашу. Оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру және әдеби тілдік қорын дамыту.
Іс- шараның шымылдығын жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы «Кемеңгер тұлға» атты бейнебаянмен ашып, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы кітап көрмесімен жалғасын тапты. «Әбіш әлемі» атты слайд көрсетіліп, оқушыларға көптеген ақпарат берілді. «Аңыздың ақыры» атты романы әңгімеленіп,ондағы басты қаһарман бейнесіне тоқтала отырып, кейіпкер әлеміне барлау жасалды. №1 мектеп-гимназиясының 8 «Б» сынып оқушыларына Әбіш әлемінің кеңістігіне енер жалынды жастарға үлкен үміт артатынына сенім білдіргендей әсер қалдырды.
2. Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.Әбділда Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.