fffffff

Выбор языка

Мы в социальных сетях:

Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.

 

Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.

Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалмақ.Бұл жұмыс үкіметтік емес және коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын қоғамдық қордың негізінде ұйымдастырылуда.

Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, жалпы саны 800-ден аса оқулық атауы келіп түсті. Жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше рет басылған, соңғы басылымы кейінгі 3 жылда шыққан, мазмұндық тұрғыдан бейтарап болуы қажет деген талаптарға сүйене отырып, 2017 жылға 18 оқулық таңдалды. Жоспарға сай, бұл оқу құралдары қазақ тіліне аударылып, ЖОО-на тегін жеткізілді. Жаңа оқулықтар 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне енгізілді.

 

2018 жылы 30 оқулық аударылып басылды. Республика бойынша 130 ЖОО-на таратылды. Бүгінгі таңда жобаның келесі кезеңіне таңдалған оқулықтарды аудару процесі жүріп жатыр.

Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы саны 300-ге жуық маман қатысып жатыр. Мәтіндер бірнеше лек әдеби және ғылыми редакциядан өтеді.Мұндай ауқымды ғылыми аударма жобасы Қазақстанда бұрын-соңды іске аспаған. 100 оқулықты аудару аясында Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары білім беру орындары, ғылыми орталықтар және оқулық шығаруға маманданған баспа ұйымдарымен тығыз әріптестік орнатпақ. Кең көлемді аударма жұмысы қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байыта түсуге, ғылыми терминологияны дамытуға, академиялық жазу стилін жетілдіруге, қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік береді.

 

Бұл жобаны іске асыру бірқатар аса маңызды жүйелі мәселені шешуге жол ашады.

Біріншіден, гуманитарлық бағыт бойынша әлемнің 100 үздік оқулығы қазақ тіліне аударылады. Сол арқылы тілдің дамуына аса қажетті ғылыми мазмұн мен лексика дамиды.Екіншіден, гуманитарлық салалар бойынша оқитын студенттердің заман талабына сай білім алуына жағдай жасалады . Біздің оқу орындарындағы мазмұн және академиялық талқы деңгейі әлемнің ілгері ғылыми орталықтарының деңгейіне шығады.Үшіншіден, аса ауқымды аударма жобасы қазақстандық аударма мектебінің күшейіп, жетілуіне жағдай жасайды. Аудармашы мамандар , ғалымдар мен оқытушылардың жаңа негізде жұмыс істеуіне алғышарт болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Опрос

Архив

Цель Вашего посещения библиотеки?

Мероприятия

Архив

Анонс

01.12.23 «СПИД-ғасыр індеті» 1 желтоқсан- СПИД-пен дүниежүзілік күрес күні

13.12.23 «Қаламына сүйенген қаламгер» Қалижан Бекхожин туғанына 110 жыл

15.12.23 «Тәуелсіздік  таңы мәңгілік» 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні  

15.12.23 «Желтоқсан желі» 16 желтоқсан - желтоқсан құрбандарын еске алу күні.

20.12.23 Оқырман бенефисі

21.12.23 «Көктөбедегі кездесу» Қалтай Мұхамеджановтің туғанына 85 жыл

22.12.23 «Арманы үндес еді  Ақ Жайықпен» Хамза Есенжановтің туғанына  115 жыл

26.12.23 «Жаңа жылдық қызықтар» Шырша безендіру

27.12.23 Қош келдің Жаңа Жыл 

---

02.12.22 «Алашты әнімен тербеген  Әсет ақын» 155-летие Асета Найманбайулы (час искусств)

07.12.22 «История Великой степи» (видеоинформация)

09.12.22 «Тегімді менің сұрасаң...» 220 лет со дня рождения Дулата Бабатаевича (час поэзии)

13.12.22 «Әйел-Ана» ертегісі «Шежіре- ғұмыр» 80 лет со дня рождения Акселеу Сейдимбека (чтение вслух) (обзор книжной выставки)

14.12.22 «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» (информационный час)

15.12.22 «Тәуелсіздік жастары жырлайды» (час поэзии)

21.12.22 «Мәңгілік махаббат жыры» 100 лет со дня рождения Азильхана Нуршаикова (анализ книги)

22.12.22 «Герой нашего детство»  85 лет со дня рождения русского писателя Эдуарда Николаевича Успенского (Квест- игра)

23.12.22 «Доктор Дарханов» 110-летие Зейна Шашкина (вечер портрета)

27.12.22 «Ландшафтный  дизайн»( кружковая работа)

28.12.22 «Кел, кел Жаңа жыл!»  (Праздничная вечеринка)

---

02.12.22 «Алашты әнімен тербеген  Әсет ақын»  Әсет Найманбайұлының  155 жылдығы (Өнер сағаты)

07.12.22 «Ұлы дала тарихы» (Бейне ақпарат)

09.12.22 «Тегімді менің сұрасаң...» Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл (Поэзия сағаты)

13.12.22 «Әйел-Ана» ертегісі «Шежіре- ғұмыр» Ақселеу Сейдімбек  туғанына 80 жыл (Дауыстап оқу) (Кітап көрмесіне шолу)

14.12.22 «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» (Ақпараттық сағат)

15.12.22 «Тәуелсіздік жастары жырлайды» (Поэзия сағаты)

21.12.22 «Мәңгілік махаббат жыры» Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл (Кітап талдау)

22.12.22 «Герой нашего детство»  85 лет со дня рождения русского писателя Эдуарда Николаевича Успенского (Квест- игра)

23.12.22 «Доктор Дарханов»  Зейін Шашкиннің  110 жылдығы (Портрет кеші)

27.12.22 «Ландшафтный  дизайн»( кружковая работа)

28.12.22 «Кел, кел Жаңа жыл!» (Мерекелік кеш)









г. Сатпаев
пр.Независимости,32

Телефоны

8 (71063) 71780, 71782