fffffff

Выбор языка

Мы в социальных сетях:

QR-код дегеніміз не?

Цифрландыру – Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес, құралы. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді өнім өндіруді арттыру, міне, осы мақсат. Мемлекет басшысы цифрландырудың маңызын осылай түсіндірді. Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет. Осы тұста, руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық беріле бастады.

          Электронды кітаптың ыңғайлы түрінің бірі – «мобильді кітапхана». Бұл қосымшаны смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта телефонындағы Play Маркеттен «куеркод» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар.

          Мобильді болашақ

          Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиямен қалмай қатар жүруге, және барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды, авторларды және кітапхананың құзыреттілігін насихаттауда көмек үшін белсенді түрде QR кодтар пайдаланылады. Кітапхана оқырмандары қолдарында смартфондары болса QR-кодты сканерлеп алуларына болады, қосымша ақпаратты қолдану үшін: кітаптың авторының сайтына немесе кітапқа қатысы бар, және берілген кітап қамтитын сайтқа ауысу керек.

           QR-код дегеніміз не?

          QR  “Quick Response - Шұғыл жауап”- бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез-келген ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, телефон нөмірін, сайттың сілтемелерін немесе визиттық карточканы. Пайдаланылуы: Камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз! Қолданылуы: QR-кодтарды қолдану ретінде мыналарды атауға болады: Интернетке олардың суретін орналастыру; визиттық карточкаларға, көрсеткіштерге, ақпараттық қағаздарға кітап көрмелеріне және т.б.түсіру.

QR кодтарды құрастыруға арналған Онлайн сервистер:

qrcoder.ru, qrmania.ru – рунеттегі айрықша танымал генераторлардың бірі болып табылады. Бағыттауы – кодтау түрі (мәтін, сілтеме, визит карточкасы немесе sms-хабарлама).

keremerkan.net көптеген бағыттағы генератор: кодтың әрекеті (сайтқа өту, сайтқа сілтеме, қоңырау, SMS жолдау, E-mail, географиялық координаттар және т.б.); код түрі (QR, Data Matrix, Aztec, Micro QR), пішін келбеті, векторлық түрлерді қоса алғанда (PNG, PDF, TIFF, SVG, EPS) және түсі.

linkstore.ru – мәтінді, графиканы, бейне немесе аудионы серверде сақтауға мүмкіндік береді және QR-кодты мобильді веб-бетшеге сілтемемен жасайды, онда сақталған мәліметтерді көруге болады.

addons.mozilla.org— Mozilla Firefoxқа арналған плагин. Браузерға, URL-мекенжай немесе белгіленген мәтінге код құрастыру үшін түйме қосады.

code.google.com —Google Chart Tools пакетіндегі кодтың генераторы. Кодты жай GET-сұраумен жасауға болады.

          Бағдарламаны телефонға қалай орнатуға болады?

QR-кодтарды оқудың тегін қосымшалары көптеген мобильді платформалар үшін қол жетімді: Symbian (Nokia), J2ME (телефоны с поддержкой Java), Android, Windows Mobile, iOS (iPhone). Бүгінгі күні жаңа смартфон немесе планшет сатып алушы жиі, бағдарламасы орнатылған құрылғы сатып алады. Мобильді құрылғыға бағдарламаны орнату үшін жасаушыны таңдап және қосымшаны жүктеп алу қажет.

          Смартфондағы қосымшалардың болуы:

Android: «QR-droid» QR-кодтарды сканерлеу үшін, «Aldiko Book Reader» кітаптарды оқу үшін.

iOS: «QR Code City» QR-кодтарды сканерлеу үшін, «iBooks» кітаптарды оқу үшін

Windows Phone: «QR Reader» QR-кодтарды сканерлеу үшін, «Liberty» кітаптарды оқу үшін

Егер бағдарламалар орнатылмаған болса, оларды «Play market». «App Store». Магазин Windows қосымшалар магазині арқылы тегін жүктеп алуға болады.

iOs, Android, Windows операциялық жүйелер базасы негізінде мобильді құрылғының көмегімен, QR-кодты пайдаланып, электрондық мұрағатта берілген кітаптардың кез келгенін өз телефонына тегін жүктеп алуға болады.

 

Опрос

Архив

Цель Вашего посещения библиотеки?

Мероприятия

Архив

Анонс

03.08.22 «Тәні саудың– жаны сау» (Маманмен сұхбат )

04.08.22 Жазғы кітапхана (этнопарк) (Жазғы акция)

05.08.22 «Қазақтың текті қыраны»  Талғат Бигельдиновтың туғанына  100 жыл (Патриоттық кеш)

10.08.22 «Абайды оқы, таңырқа...»  Абай күні (Библиоквест)

12.08.22 «Отдыхаем с книжкой» (Книжные жмурки)

12.08.22 «Ярмарка затей: своими руками» (кружковая работа)

16.08.22 «Реставрациялау жұмыстары»  (Шығармашылық жұмыс)

17.08.22 «Бір ел- бір кітап» Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы (Тағылым сағаты)

19.08.22 «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  Спорт күні (Спорттық эстафета)

24.08.22 «Кітап әлеміне саяхат» (Буккроссинг)

25.08.22 «Лучший читатель-2021»  Вручение дипломов и грамот (Библиоовация)

26.08.22 «Ата-заңым қастерлім!»  30 тамыз  ҚР Конституциясы күні (Сұрақ-жауап сағаты)









г. Сатпаев
пр.Независимости,32

Телефоны

8 (71063) 71780, 71782