fffffff

Выбор языка

Мы в социальных сетях:

Мероприятия

12 Сәуір 2022 11:43

«Ғарышқа сапар» 12 сәуір - Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні


Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханасында 12 сәуір - Ғарышкерлер күніне арналған «Ғарышқа сапар» атты информ-досье ұйымдастырылды.  

Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі таңда жерді айнала жүздеген жердің жасанды серіктері ұшып жүр.

 Іс-шараға қаламыздың №16 ЖББМ-тің 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Куватова Гүлсім Жұмағалиқызы қатысты. Кітапханашы Жазықбаева Гүлзада Байқоңыр ғарыш алаңының құрылу тарихы туралы мәліметтерді бере отырып, «Ғарыш көрген үш қазақ» атты бейнебаяннан үзінді көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар арнайы тақтада жасырылған «Ғарышкер» атты сөзжұмбақты  аса қызығушылықпен шешіп шықты.      Оқушылардың арасынан Көшербай Мұханбет пен Жетпіс Асылжан ғарышкер ағалары Тоқтар мен Талғатқа арналған жыр жолдарын жатқа айтып берді. Сонымен қатар оқушылар ғарышқа, табиғатқа арналған мақал –мәтелдердің адасқан сөздерін дұрыс қойып және осы тақырыпқа арналған сөздерді үш тілде қалай аталатынын айтып шықты. Іс-шара соңында кітапханашы «Ғарыш әлемі» атты кітап көрмесіне  шолу жасады.  

https://www.instagram.com/p/CcPyUMAsjxY/?utm_source=ig_web_copy_link


Вернуться назад

Дата cоздания: 23 Қазан 2019 15:13
Дата редактирования: 24 Қазан 2019 12:37

Опрос

Архив

Цель Вашего посещения библиотеки?

Мероприятия

Архив

Анонс








г. Сатпаев
пр.Независимости,32

Телефоны

8 (71063) 71780, 71782