fffffff

Выбор языка

Мы в социальных сетях:

Акции

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ 2019

11.02.2019


Республикалық «Бір ел - бір кітап» акция комитеті мен әлеуметтік желідегі оқырмандардың таңдауы арқылы 2019 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың лирикалық поэмаларын  жалпы оқуға ұсынады. Акция ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін жалғасады.
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы.
«Аңыздың ақыры» тарихи романы – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелік қуатты шығарма.Осындай шығармалардан талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол – рухани ұлы тұлға.
Әбілда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және әдебиет зерттеушісі.Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық,оттылығымен ерекшеленеді.Ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан – жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
Құрметті оқырмандар, сіздерді бізбен бірге қазақ әдебиетінің классикасын оқып, кітапханалық іс-шараларға қатысуға шақырамыз!


Вернуться назад






Опрос

Архив

Цель Вашего посещения библиотеки?

Мероприятия

Архив

Анонс








г. Сатпаев
пр.Независимости,32

Телефоны

8 (71063) 71780, 71782